
SIM картасын салу
1 Телефонды өшіріңіз.
2 Телефонның артқы қақпағын шешу үшін, оны саусақтарыңызбен басып,
сырғытып шешіңіз.
3 Салынған болса, батареяны шешіп алыңыз.
4 SIM картасы ұстағышының бекітпесін ашу үшін, оны ұстағыштағы көрсеткі
бағытында сырғытыңыз. Ұстағышты көтеріңіз.
Пайдалануды бастау
9

5 SIM картасын ұстағышына салыңыз. SIM карта ұстағышы орнына қойылғанда,
картаның түйісу аймағының беті төмен қарап тұрғанын тексеріңіз.
6 SIM карта ұстағышын төмендетіңіз.
7 SIM картасының ұстағышын бекіту үшін, ұстағышты бастапқы күйіне сырғытып
апарыңыз.
Маңызды: Бұл құрылғы стандартты SIM картасымен (суретті қараңыз) ғана
пайдалануға арналған. Сәйкес келмейтін SIM карталары құрылғы мен картаны
зақымдауы, сондай-ақ картадағы деректерді бүлдіруі мүмкін. mini-UICC ойығы
бар SIM картасын пайдалану туралы кеңесті мобильді байланыс
операторыңыздан алыңыз.