Nokia 500 - Қатынас кодтары

background image

Қатынас кодтары

PIN немесе PIN2

коды

(4-8 сан)

Бұл код SIM картасын рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды

немесе кейбір мүмкіндіктерді қолдану үшін қажет болады.

Телефонды қосылғанда PIN кодын сұрайтын етіп реттеуге

болады.

SIM картамен бірге берілмесе немесе кодтарды ұмытсаңыз,

қызмет жеткізушісіне хабарласыңыз.

Кодты қатарынан үш рет қате терген жағдайда, кодтың

құлпын PUK немесе PUK2 кодымен ашу керек болады.

PUK немесе PUK2

коды

(8 сан)

Бұлар PIN немесе PIN2 кодының құлпын ашу үшін керек.

Егер кодтар SIM картасымен бірге берілмеген болса,

провайдермен хабарласыңыз.

IMEI нөмір

(15 сан)

Бұл әрекет желідегі жарамды телефондарды анықтау үшін

қолданылады. Нөмірді пайдаланып та, мысалы, ұрланған

телефондарды құлыптауға болады.Nokia Care

қызметтерінің нөмірін беруіңіз қажет болуы мүмкін.

IMEI нөмірін көру үшін *#06# нөмірін теріңіз.

Құлыптау коды

(қауіпсіздік коды)

(мин. 4 сан немесе

таңба)

Бұл әрекет телефонды рұқсатсыз қолданудан қорғайды.

Телефонды сіз белгілеген құлыптау кодын сұрайтын етіп

реттеуге болады.

Кодты құпия әрі телефоннан бөлек сенімді жерде сақтаңыз.

Кодты ұмытып, телефоныңыз құлыптанатын болса,

телефоныңызды жөндеу керек болады. Қосымша ақы

алынуы және телефондағы жеке деректер жойылуы мүмкін.

Қосымша ақпаратты Nokiа Care орталығына немесе

телефон дилеріне хабарласып алыңыз.